26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада Абайдың философиясына негізделген бизнес-тренинг өтіп жатыр

|
Photo: Elordainfo.kz/Сабина Кәкімжан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада Абайдың философиясына негізделген бизнес-тренинг өтіп жатыр

|
Photo: Elordainfo.kz/Сабина Кәкімжан

Елордадағы Назарбаев университетінде ақын Абай Құнанбайұлының философиясы мен заманауи бизнес-тәжірибелерін біріктіретін тренинг өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл тәсіл кәсіпкерлікке деген дәстүрлі көзқарасты толық өзгерте отырып, бизнесті табыс табумен шектемей, тұлғаны қалыптастыру, жеке даму және әлеуметтік игілік әкелудің бір құралы ретінде ұсынылады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, нағыз кәсіпкерлік тек білімге ғана емес, ішкі қүндылықтарға да негізделеді. 

Ерекше назар әйелдерді, жастарды және мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бөлінеді. 

Абай философиясы - бағдарламаның маңызды бөлігі. Ол жылдам өзгеріп жатқан нарық жағдайындағы және заманауи экономиканың қиындықтарындағы этикалық бағыт ретінде қызмет етеді. 

«Бүгінгі таңда кәсіпкер үшін жай ғана бизнесті басқару - жеткіліксіз, оның шешімдерінің адамдарға, қоршаған ортаға және болашаққа әсерін түсіну маңызды. Абайдың философиясы негізгі қағидаттарға - адалдыққа, құрметке және еңбекқорлыққа оралуға көмектеседі. Бұл қасиеттер бизнесті де тұрақты етуге бейімдейді», - деді бизнес-тренер әрі Назарбаев университеті Кәсіпкерлікті зерттеу орталығының қызметкері Жанар Құлжанова.

Бұл бағдарламаны Назарбаев университетінің кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (NURCE) мен Бизнес-тренерлер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырып отыр. Ол еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Оқыту барысында тыңдаушылар заманауи ESG қағидаттары мен Абай философиясының өзара сабақтастығы жайлы да құнды ақпарат алады. 

ESG термині ағылшын тілінен аударғанда, Environment - қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, Social - жоғары әлеуметтік жауапкершілік, Governance - корпоративтік басқарудың жоғары сапасы дегенді білдіреді. Бұл қағидаттар Абай насихаттаған құндылықтармен ұштасады. 

«ESG - бұл бизнестің түрақты дамуы. Тренинг барысында оның құрылымдық бөлшектерін талдаймыз. Кәсіпті дамытуға тигізер пайдасы туралы әңгімелесеміз. Бастысы, мұны бизнеске енгізу жолдарын айтамыз. Тұрақты даму мен Абай философиясы арасындағы байланысты жан-жақты талдап көрсетеміз. Көпшілікке мәлім, Абайдың «Толық адам» тұжырымы  - жүрек, қайрат, ақыл-ой. Бірінші күні біз құндылықтар туралы айтамыз. Табиғатқа, айналадағы адамдарға зиянын келтірмеу, керісінше қолдан келгенше көмектесу. Тұрақты даму да дәл солай. Қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалану, осылайша , қоршаған ортаға  пайда тигізу», - деді спикер.

Бүгін басталған тренинг үш күнге жалғасады. Мұнда 80-ге жуық қатысушы стратегиялық талдау, төзімділік, шешім қабылдаудағы этикалық принциптерді дамытуға бағытталған бизнес-симуляцияларды, топтық тапсырмаларды орындап, тәжірибелік мастер-кластарға қатысады. 

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Айта кетейік, бұл бағдарлама Алматы қаласында, Ақтөбе, Абай облыстарында жүзеге асырылып, елімізде жаңа кәсіпкерлік ойлау қозғалысын бастады. Абайдың 180 жылдығына орай бағдарлама гуманизмге, құндылықтарға, жауапкершілікке негізделген бизнес тәсілдерінің маңыздылығын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗