Елорданың Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Іс-шара аясында көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады», делінген хабарламада.
Плац-концертке Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.