Референдум-2026

Елордада Байтұрсынов көшесінде 65 көлікке арналған автотұрақ ашылды

Бүгін, 15:08
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада Байтұрсынов көшесінде 65 көлікке арналған автотұрақ ашылды
Фото: видеодан скриншот/saraishyq.astana

Қазіргі уақытта А. Бөлекпаев және А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында 65 автокөлікке арналған автотұрақ ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Сарайшық» ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Жаңа автотұрақ мектептің алдында орналасқан. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік нысан маңындағы көлік қозғалысын реттеп, автокөліктерді ретсіз қою мәселесін азайтуға және жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Автотұрақтың абаттандырылуы мектепке келетін оқушылар, ата-аналар мен педагогтер үшін қолайлылықты арттырып, жақын маңдағы тұрғындарға да оң әсерін тигізеді.