Елордада 350-ге жуық оқытушы мен қоғам белсенділері Конституциялық реформаларды талқылады

Бүгін, 17:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада 350-ге жуық оқытушы мен қоғам белсенділері Конституциялық реформаларды талқылады
Фото: Василий Крась

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабы елордалық «Тұран-Астана» университетінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара қоғамдық диалог алаңының Давос форматында ұйымдастырылып, еркін пікір алмасуға, ашық сұхбатқа және нақты ұсыныстарға негізделген талқылау алаңына айналды. Кездесуге 350-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Конституциялық бастамалардың стратегиялық бағыттары, қоғамдағы өзекті әлеуметтік-саяси мәселелер және оларды шешудің институционалдық тетіктері кеңінен талқыланды. Бұл алаң азаматтық қоғам, академиялық орта және саяси институттар арасындағы өзара сенімге негізделген, нәтижеге бағытталған диалогтың нақты үлгісін көрсетті.

Диалог барысында бірқатар маңызды бағыт айқындалды. Атап айтқанда, Конституциялық реформалардың маңызын, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін және халықтың қатысуымен қалыптасатын басқару моделінің өзектілігі айтылды.

«Интеллектуалдық меншікті қорғаудың заңнамалық деңгейде нақты бекітілді. Яғни елдің инновациялық дамуы үшін стратегиялық маңызды қадам болмақ. Бұл шешім идея авторларының, стартап жобалардың және креативті сала өкілдерінің еңбегін қорғап қана қоймай, жаңа бастамалардың еркін дамуына институционалдық негіз қалыптастырады»,- деді Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ интеллектуалдық меншікті қорғаудың заңнамалық деңгейде бекітілуіне қоса, отбасы институтын нығайтуға бағытталған құндылық нормалары қоғамдық талқылаудың өзегіне айналды.

«Некенің ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде заң жүзінде бекітілуі – дәстүрлі құндылықтарды қорғаудың және отбасы институтын нығайтудың маңызды құқықтық негізі. Бұл норма әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етіп, отбасындағы теңдік пен жауапкершілік қағидаттарын күшейтеді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Кездесу соңында тараптар форматтағы диалог алаңдарының маңыздылығы жоғары екенін атап өтіп, қоғамның түрлі топтарын біріктіретін тұрақты коммуникациялық платформаларды дамыту қажеттігін жеткізді.