Елордада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді

Елордада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді
Фото: Әлия Алауханова

Астана қаласы «Алматы» ауданындағы №52 сайлау учаскесінде 18 жастағы тұрғын Дильназ Рысбай алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды сәтке белсенді қатысқан ол өзінің азаматтық таңдауын жасап, референдумға алғаш рет қатысқанын айтты.

Учаске қызметкерлері жас сайлаушыны құттықтап, оған арнайы сыйлық табыстады.

Жас сайлаушының айтуынша, бұл күн ол үшін ерекше әсерлі сәт болды. Өйткені алғаш рет дауыс беру арқылы ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосқанын жеткізді.