Референдум-2026

Елорда күніне орай Сарыарқа ауданында тағы екі абаттандырылған аула ашылды

Бүгін, 13:29
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елорда күніне орай Сарыарқа ауданында тағы екі абаттандырылған аула ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорда күніне орай Сарыарқа ауданында И.Құтпанов көшесі мен Сарыарқа даңғылы, 11 мекенжайларында орналасқан тағы екі абаттандырылған аула салтанатты түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Абаттандыру жұмысы аясында аулаларға қауіпсіз резеңке жабын төселіп, заманауи ойын кешендері, спорт алаңдары және шағын футбол алаңдары орнатылды. Жобалардың жүзеге асуына тұрғындардың белсенді қатысуы ықпал етті.

Жүргізілген жұмыстар тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері негізінде іске асырылды.

Салтанатты ашылудан кейін кішкентай бүлдіршіндерге сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларға арнап түрлі ойындар, байқаулар, қызықты ойын-сауықтар мен естелік сыйлықтар әзірленді.

Сарыарқа ауданын кешенді абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі Кенесары көшесін қайта жаңғырту жоспарланған.

Сонымен қатар, қала кеңістігін жаңарту жұмысы аясында жаңа көше жиһаздары орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңғыртылуда, сыртқы жарықтандырудың ескі тіректері ауыстырылып, басқа да инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Құрылыс маусымы басталғалы бері Сарыарқа ауданында барлығы 13 аула аумағына күрделі жаңғырту жұмысы жүргізілді.