Еліміздегі ғылыми қызметкердің 56 пайызы – әйел: министр қыздар қауымын атаулы күнмен құттықтады

Еліміздегі ғылыми қызметкердің 56 пайызы – әйел: министр қыздар қауымын атаулы күнмен құттықтады
Фото: t.me/SayasatNurbekOfficial

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми салада жүрген қазақстандық әйелдер мен қыздар қауымын бүгінгі, 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақ тарихында ғылымға құштар қаншама қайсар, мықты әйелдердің есімі жызылған. Мысалы, Аққағаз Досжанова – қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы дәрігердің бірі. Нәзипа Құлжанова – ағартушылықтың шамын жаққан тұлға. Гүлсім Асфендиярова – медицина ғылымының дамуына үлес қосқан қайраткер. Осындай есімдерді еске алғанда, бұл жол әрқашан білімге адалдық пен үлкен жүректі талап ететінін ойлайсың.

Ал бүгінгі қазақ әйелдері, қыздары сол дәстүрді лайықты жалғастырып келеді. Олар ғылымда да, зертханада да, аудиторияда да нәтижеге жұмыс істейді. Бұл – ерекше құрметке лайық.

Мені әрдайым әйелдердің әрбір бөлшекке ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтыны, ұсақ-түйекке терең үңіле отырып, тұтас картинаны көре білетіні таңғалдырады. Бір мезетте бірнеше міндетті ойда ұстап, нақты шешім табу – нағыз ғылыми ойлаудың белгісі. Бүгін Қазақстан әйелдер мен қыздардың ғылымдағы күнін атап өтуде», – деп жазды Саясат Нұрбек өзінің Телеграм арнасында.

Министрдің мәліметінше, қазіргі таңда елімізде 120 896 адам жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ие болса, соның 62 433-і немесе 51,6% – әйелдер. Ғылыми зерттеулермен 12 893 әйел айналысады, бұл ғылыми қызметкерлердің шамамен 56 пайызын құрайды. Университеттерде білім сапасын айқындайтын профессорлық-оқытушылық құрамның 65,7 пайызы – әйелдер.

«Әйелдер ғылымның барлық бағыты бойынша өте белсенді екенін атап өту керек. Жаратылыстану саласында 3 625 зерттеуші, инженерия мен технологияларда – 2 625, гуманитарлық бағытта 2 471 әйел еңбек етеді. Жалпы гуманитарныелық және әлеуметтік ғылымдарда зерттеушілердің шамамен үштен екісі – әйелдер», – деп қосты ол.

Оның сөзінше, әйелдер қауымының ғылыми біліктілік деңгейі де ерекше назар аудартады.

«Ғылым кандидаты дережесіне ие мамандардың шамамен 60 пайызы, магистрлер мен бейіндік докторлардың 58 пайызы, PhD дережесін алғандардың жартысынан астамы – әйелдер. Медициналық және гуманитарлық ғылымдарда әйел кандидаттардың үлесі 72 пайызға жетеді. Бұл – елдің қуатты зиаткерлік әлеуеті.

Құрметті ғалым әйелдер, зерттеушілер, жас ғалымдар, ғылымға қадам басқалы отырған болашақ мамандар! Сіздерді Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – сіздердің еңбектеріңізді, таланттарыңызды және болашақты қалыптастырудағы рөлдеріңізді майындаудың белгісі.

Сіздер зертханаларға жетекшілік етесіздер, ғылыми мектептер қалыптастырасыздар, грант ұтып алып, жаңа технологияларды енгізесіздер, келесі буын зертеушілерін тәрбиелейсіздер. Сіздердің табыстарыңыздың арқасында мыңдаған қыздар үлкен мақсаттарға сенеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі сіздердің әлеуттеріңіз толық ашылуы үшін жағдай жасай береді. Кәсібиліктеріңізге, табандылықтарыңызға және таңдаған жолға адалдықтарыңызға алғыс айтамын. Сіздерге шабыт, күш-жігер және амандық тілеймін. Әр идеяңыз нақты нәтижеге айналсын», – деді министр.

Бұған дейін Саясат Нұрбектің Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттермен кездескенін жазған едік.