Елімізде 1,8 млн бала спортпен тұрақты айналысады - Ербол Мырзабосынов

Бүгін, 11:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде 1,8 млн бала спортпен тұрақты айналысады - Ербол Мырзабосынов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда 305 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамтуды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Мәліметке сәйкес, қазір Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады. Бұл – жалпы санының 34,6%-ы. Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу міндеті қойылған.

Сондай-ақ елімізде 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Оларда 305 мыңнан астам бала қамтылған.

526 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады. 16 облыстық мектеп-интернатта 6 441 тәрбиеленуші білім алуда.

Еске салсақ, Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында сондай-ақ балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған жобалар туралы айтты.