Egov mobile қосымшасында «Заң мен тәртіп» деген жеке батырма пайда болды (ВИДЕО)
22 шілде, 2025
Фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» жаңа цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Egov mobile қосымшасында осы атаумен арнайы батырма орналастырылған. Оны бассаңыз – полицияға шағым жолдауға арналған форма бірден ашылады.
Енді құқықбұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол апаты, балаға қатысты оқыс жағдай немесе қоғамдық тәртіпті бұзу туралы полицияға бір ғана батырма арқылы хабар беруге болады. Қоңырау шалудың немесе бөлімшеге барудың қажеті жоқ.
Жолданған өтініш жедел қабылданып, тәртіп сақшылары дереу шара қолданады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:59
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы соңғы 10 күндегі фейктерге шолу жасады
Бүгін, 09:51
Еліміздің 670-ке жуық өнеркәсіп кәсіпорны қайта және айналымды сумен жабдықтауға көшпек
22 қыркүйек, 2026
Президент Архиві мен Шейх Зайд мешіті орталығы ынтымақтастық бағыттарын талқылады
22 қыркүйек, 2026
Қазақстан қонақүйлері тұңғыш рет MICHELIN Key белгісіне ие болды