Егемендік пен аумақтық тұтастық - жаңа Конституцияның мызғымас құндылығы

Бүгін, 13:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Егемендік пен аумақтық тұтастық - жаңа Конституцияның мызғымас құндылығы
Коллаж: Elordainfo.kz

Жаңа Конституцияның жобасында Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығы мемлекеттің мызғымас әрі негізгі құндылықтары ретінде айқындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл қағидаттар елдің тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Конституция жобасында Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмауы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Аталған нормалар елдің халықаралық деңгейдегі егемен мәртебесін нығайтуға қызмет етеді.

Сонымен қатар құжатта егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені көрсетіледі. Бұл ұстанымдар қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және мемлекеттің ұзақмерзімді, орнықты дамуын қамтамасыз етуге негіз қалайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының толық мәтіні жарияланды.