Едіге Емберді: Халық үніне құлақ асатын мемлекет болу – баршамызға ортақ мақсат

Бүгін, 16:04
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Едіге Емберді: Халық үніне құлақ асатын мемлекет болу – баршамызға ортақ мақсат
Фото: Едіге Ембердінің жеке мұрағатынан

Ауыр атлетикадан әлемнің үш дүркін чемпионы Едіге Емберді жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Еліміздің дамуындағы бұл тарихи кезең – әрқайсымыз үшін маңызды.  Конституцияға енгізілетін өзгерістерді демократиялық, адам құқықтары мен бостандықтары қорғалған, дамыған мемлекеттің берік іргетасы деп білемін. Спортшы ретінде айтарым, спорттық этика мен адал бәсеке қашанда басты құндылық болуы тиіс. Конституция жобасында спорттағы әділдік қағидатының көрініс табуы – қуантарлық жағдай. Допингке және заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Бұл спортқа деген сенімді арттырып, таза спорт мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әділеттілік, ашықтық және халық үніне құлақ асатын мемлекет болу – баршамызға ортақ мақсат. Еліміздің басты құжатын бірге талқылап, саналы қоғам болып қалыптасайық!», - деді Едіге Емберді.

Бұған дейін Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды.