28.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дзюдо Келешек мектептеріне үйірме ретінде енгізіледі – министрлік

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дзюдо Келешек мектептеріне үйірме ретінде енгізіледі – министрлік

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі, бірнеше дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов пен «Жеңіс» спорт клубының бас директоры Тимур Тұрсынбаевты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында 2026 жылдан бастап пилоттық негізде «Келешек мектептерінде» дзюдо спорт түрін секциялық форматта іске қосу перспективасы талқыланды.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасының аясында салынып жатқан 217 жаңа форматтағы мектептерде 460 мыңнан астам оқушы білім алады. Бүгінде бұл жаңашыл форматтағы мектептер қазақстандық білім беру жүйесінің инфрақұрылымдық жаңаруының және білім берудегі инновацияларды енгізудің авангардына айналды.

«Келешек мектептерінде сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, шығармашылық, зияткерлік, спорттық үйірмелер арқылы балалардың бойында сыни ойлау, басқарушылық, тактикалық шешім қабылдау, физикалық даму, өзіне талап қою, тәртіпке бағыну, шыдамды болу және төзімділікті дамыту, жеңіске ұмтылу дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға да басымдық берілуі тиіс. Соңғы жылдары дзюдоға қазақстандықтардың қызығушылығы артып, ол танымал спорт түріне айналып келеді, сондықтан министрлік федерациямен ынтымақтастықта жұмыс жасауға ниетті», - деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Өз кезегінде дзюдо федерациясының өкілдері 217 «Келешек мектебінде» ашылатын дзюдо үйірмелері үшін жаттықтырушыларды кәсіби дайындауды, сонымен бірге мектеп залдарын қажетті спорттық құрал-жабдықтармен, қатысушы оқушыларды арнайы кимономен қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алатындарын жеткізді.

Жобаны жүзеге асыруда әсіресе, ауыл мектептеріне басымдық беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗