ДСМ: Биыл 120-ға жуық мемлекеттік және жеке медициналық ұйым тексеріледі

ДСМ: Биыл 120-ға жуық мемлекеттік және жеке медициналық ұйым тексеріледі
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың жоспарлы тексеруді қайта бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Комитет соңғы жоспарлы тексеруді 2023 жылы жүргізген.

2026 жылға бекітілген кестеге сәйкес бақылау іс-шараларымен 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйым қамтылады.

«Бақылау барысында білікті мамандардың, тиісті медициналық жабдықтардың, сондай-ақ белгіленген нормативтерге сәйкес келетін үй-жайлардың болуына басты назар аударылады. Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 медициналық ұйым профилактикалық бақылаудан өтеді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықты анықтады.