Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесіне ие болды
28 қараша, 2024
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Бұл туралы танымал әнші, еліміздің Халық әртісі Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлығына алғыс айтамын. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA»,- деп жазды әнші.
DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) – жыл сайын Дубайда өтетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, гуманитарлық жұмыстар мен бизнеске және қоғамның өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін аймақтық, әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлғаларға, ұйымдар мен компанияларға беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
21 тамыз, 2026
Қытайдың Иу қаласында «Silk Way Star» шоуының екінші маусымы басталды
20 тамыз, 2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау жүргізіліп жатыр
19 тамыз, 2026
Астанада IVY-2026 халықаралық волонтерлер жылын өткізу мәселелері талқыланды
19 тамыз, 2026
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы: өтінім қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады