«Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан футболшылардың үздік үштігіне енді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі бесінші турда «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгаген» клубымен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алайда матчтың 81-минутында Дастан Сәтпаев соққан гол қазақстандық футбол тарихында ерекше оқиға ретінде тіркелді.
Матч өткен күні футболшының туғанына 17 жас 110 күн болды. Осылайша ол Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас үш ойыншының қатарына кірді.
Ең жас гол соққандар тізімі:
Ансу Фати («Барселона») – 17 жас 40 күн;
Ламин Ямал («Барселона») – 17 жас 68 күн;
Дастан Сәтпаев («Қайрат») – 17 жас.
Бұған дейін бұл тізімнің үшінші сатысында бельгиялық «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена тұрған еді (17 жас 119 күн). Дастан Сәтпаев оның көрсеткішін жаңартып, үздік үштікке енді.
Тарихтағы алғашқы қазақ
Сәтпаев – UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшысы ретінде тарихта қалды.
Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларымен ойындары Астанада өтеді.