Бүгін Астанада шырша шамын жағуға байланысты «Астана Арена» маңында қозғалыс шектеледі
Астананың барлық алты ауданында бүгін бір уақытта 40-тан астам жаңа жыл шыршасының шамы жағылмақ. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтары үшін концерттер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімгінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер «Алау» мұз сарайы жағындағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығыс жағындағы көшеге қатысты болады.
Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу басталғанға бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады.
Жүргізушілер алдын ала жүру бағытын жоспарлауы және жол қозғалысының ұйымдастырылуындағы өзгерістерді ескеруі қажет.
Бұған дейін Астанада 40-тан астам жаңажылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылатынын жаздық.