Референдум-2026

Болашақ ойындары 2026: Ашылу салтанатын тікелей эфирде бүкіл ел көрермендері тамашалай алады

Болашақ ойындары 2026: Ашылу салтанатын тікелей эфирде бүкіл ел көрермендері тамашалай алады
Фото: Ернұр Сағымбек

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана бірегей клубтық форматта «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирін қабылдайды. Әлемнің үздік киберспортшылары халықаралық клубтарға бірігіп, алдымен виртуалды ареналарда, ал содан кейін, нақты паркетте, татами мен футбол алаңында бақ сынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап. 

Турнир қатысушыларының қатарында әлемдік спорт пен киберспорттың аңызына айналған командалар бар: Team Spirit, T1, Team Falcons, BocaJuniors, ValenciaBasket, LGD.Pinghu, NOVAQ.

Турнирде Қазақстанның атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді:

  • Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna - ACF x Allur, UEL Team;
  • Phygital Basketball Presented by Halyk Fund - GTB KZ, PBC Astana;
  • Phygital Fighting Presented by Kazzinc - Future Nomads;
  • MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM - Rune Eaters;
  • MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit - Rune Eaters;
  • Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank - DIGA Esports;
  • Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO - NOVAQ, TeamKZ;
  • Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources - Гүлназ Аманғали.

Ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін «Жібек жолы», «Qazsport» және «Хабар» телеарналары ұсынады, осының арқасында «Болашақ ойындарының» басталуын бүкіл ел көрермендері тамашалай алады. Телекөрермендерді AI-графика, ауқымды LED-инсталляциялар, лазерлік және жарық эффектілері, роботтандырылған элементтер мен әсерлі сахналық қойылым күтеді.

Жарыстар елорданың төрт негізгі спорттық нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Барыс Арена көпбейінді мұз сарайы.

Кезеңдер күнтізбесі:

  • Phygital Basketball Presented by Halyk Fund - 29 шілде - 3 тамыз
  • Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank - 31 шілде - 2 тамыз
  • MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit - 2-5 тамыз
  • Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO - 4-8 тамыз
  • Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna - 4-9 тамыз
  • MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM - 6-9 тамыз
  • Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources - 6-7 тамыз
  • Phygital Fighting Presented by Kazzinc - 8 тамыз

Билеттерді сату ресми оператор Freedom Ticketon және Freedom Super App мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.