Референдум-2026

Болашақ ойындары: 800-ден астам спортшы мен киберспортшы фиджиталдан өзара бақ сынайды.

Болашақ ойындары: 800-ден астам спортшы мен киберспортшы фиджиталдан өзара бақ сынайды.
Фото: GOTF 2026 ұйымдастырушысы

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында дәстүрлі спорт түрлері мен цифрлық дисциплиналарды біріктіретін фиджитал форматындағы халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары - 2026» турнирі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Турнирді Қазақстанда өткізу бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы «Болашақ ойындарының» ашылу салтанатында ұсынған болатын.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, елордада халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қажетті спорттық және қалалық инфрақұрылым жасақталды.

12 күнге жалғасатын додада 50-ден астам ұлттың басын қосатын халықаралық клубтардан 800-ден астам спортшы мен киберспортшы сегіз фиджитал дисциплинасы бойынша өзара бақ сынайды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 миллион АҚШ долларынан асады. Ашылу салтанатына шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының жетекшілері және цифрлық индустриядағы жетекші компаниялардың өкілдері қатысатынын растады.

Еске салсақ, Қазақстан астанасында ауқымды мультиспорттық «Болашақ ойындары» турнирі аясында Tactical 3D/PUBG дисциплинасы бойынша халықаралық турнир өтеді.