«Бір жолаушы қайтыс болды»: Мюнхен-Пекин ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Бүгін, 12:51
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
«Бір жолаушы қайтыс болды»: Мюнхен-Пекин ұшағы Алматыға шұғыл қонды
Фото: freepik.com

Мюнхен-Пекин ұшағында бір жолаушы қайтыс болды. Осыған қатысты Көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Кенеттен қайтыс болған жолаушы шет мемлекеттің азаматы болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазылған Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Гуанчжоу - Алматы ұшағында әйел адам қайтыс болғанын жаздық.