08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады

|
Photo: Фото: СІМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады

|
Photo: Фото: СІМ

Сарапшылар ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Алматыда «БУҚК-ның 50 жылдығы: міндеттемелерден іске көшу – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігі туралы бастамасы» халықаралық семинарында Конвенция ережелерін іске асырудағы тиісті органға қатысты пікір алмасты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Семинарға биологиялық қауіпсіздік саласындағы жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, оның ішінде Биологиялық және уытты қару туралы конвенцияны іске асыруды қолдау тобының, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері, сондай-ақ түрлі академиялық ұйымдар мен сараптамалық орталықтардың өкілдері қатысты.

Сарапшылар БУҚК-ны іске асыру мәселелерін талқылап, Конвенция ережелерін іске асырудағы тиісті органға қатысты пікір алмасты. Осы тұрғыда Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру бастамасы бойынша кең ауқымды пікірталас орын алды.

БҚХА биологиялық қаруға тыйым салуды қамтамасыз ететін және биотехнология саласындағы бейбіт мақсатқа арналған халықаралық ынтымақтастықты ілгерілететін құрылым болуды көздейтіндігі аталып өтті.

«Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану ісін жаһандық деңгейде дәйекті түрде қолдап келеді. 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БУҚК негізінде БҚХА құруды ұсынды. Қазіргі таңда қарусыздану саласындағы БУҚК іске асыру органы жетіспейтін жалғыз ірі келісім болып табылады. Осы орайда аталған бастама қарусыздану архитектурасындағы бос кеңістікті толтыруға бағытталып отыр», - делінген СІМ хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗