Бекзат Сағатұлы: Ата заңда спорттың әлеуметтік қорғау жүйесіне интеграциялануы – маңызды шешім

Бүгін, 16:59
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Бекзат Сағатұлы: Ата заңда спорттың әлеуметтік қорғау жүйесіне интеграциялануы – маңызды шешім
Фото: Бекзат Сағатұлының жеке парақшасынан

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекзат Сағатұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ата заңда спорттың әлеуметтік қорғау жүйесіне интеграциялануы – қоғам дамуы үшін маңызды әрі өзекті шешім. Бұл норма қоғамдық денсаулықты нығайтуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Спорттың әлеуметтік салаға енгізілуі азаматтарға тең қолжетімділік пен нақты әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге жол ашады. Әсіресе бұқаралық спорт инфрақұрылымын дамыту халықтың барлық санаты үшін спортпен айналысуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Бұл өз кезегінде балалар мен жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, спорт ардагерлерінің де қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар спортты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыту қоғамдағы әлеуметтік теңдікті күшейтеді. Спорт арқылы азаматтардың әлеуетін ашу, олардың физикалық және рухани дамуына жағдай жасау елдің адами капиталын арттыруға ықпал етеді. Бұл бастама ұзақ мерзімді перспективада салауатты ұлт қалыптастырып, қоғамның тұрақты дамуына берік негіз қалайды», - деді Бекзат Сағатұлы.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғанын жаздық.