Олжас Бектенов инватаксиді шақыру үшін павлодарлық студенттердің қосымшасын масштабтауды тапсырды

Олжас Бектенов инватаксиді шақыру үшін павлодарлық студенттердің қосымшасын масштабтауды тапсырды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

Премьер-министр инватаксиді шақыру үшін павлодарлық студенттердің қосымшасын масштабтауды тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселесі қаралған Үкімет отырысында Астана қаласы мен Павлодар облысының әкімдері өңірлердегі инклюзивті жобалар туралы баяндама жасады

«Үкіметке жолданған өтініштердің бірінде павлодарлық студенттердің инва-такси шақыруға арналған ыңғайлы қосымша әзірлегені туралы айтылған.

Жасанды интеллект министрлігі әкімдікпен бірлесіп, оны басқа да аймақтарға тарату мәселесін ойластыруы керек.

Сондай-ақ тиісті компаниялармен бірге (Яндекс және т.б.) қосымшалардағы карталарда жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген нысандарды белгілеу мәселелерін пысықтау керек», - деп атап өтті Олжас Бектенов.  

Еске сала кетсек, елімізде инватакси қызметінің тәртібі өзгертіледі.