Бектенов ақпараттық жүйелерді Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығына көшіруді тапсырды

6 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов ақпараттық жүйелерді Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығына көшіруді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне ақпараттық жүйелерді жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіру жұмыстарын аяқтауды тапсырды, бұл азаматтардың деректерін қорғау деңгейін арттырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейді.

Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, І тоқсанның соңына дейін ақпараттық жүйелерді жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіруді аяқтауы қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың деректерін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін Премьер-министр жасанды интеллект мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуі тиіс екендігін айтқан болатын.