Бейнекамераның арқасында республикалық жолдарда жол-көлік оқиғасы 20 пайызға азайды

Бейнекамераның арқасында республикалық жолдарда жол-көлік оқиғасы 20 пайызға азайды
Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 8 ақылы учаскеде орналасқан аркалардағы бейнекамералар орташа жылдамдықты тіркейді. Олар құқық бұзушылық фактісін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

2026 жылдың соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланған.

Дархан Иманашевтің мәлімдеуінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға үшін ақылы автомобиль жолдарында лазерлік визуалды бағдарлау жүйесін орнатылып жатыр.

«Бұл жұмыс республикалық жолдардың 22 учаскесінде жүзеге асырылды. Олардың қатарында Астана-Щучинск, Алматы-Қорғас, Шымкент-Тараз, Орал – РФ шекарасы бағыттары және өзге де стратегиялық маңызы жоғары дәліздер бар. Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына жарық сызығымен проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады. Бұл өз кезегінде - қозғалыс жылдамдығы мен бағытын уақытылы түзетуге, ұзақ әрі бірсарынды учаскеде қалғып кету қаупін азайтуға, жүргізушінің зейінін арттыруға және жол жағдайын қабылдауды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Д.Иманашев.

Еске сала кетсек, Астанада ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді.