«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Бауыржан Артықов бұл лауазымға 2024 жылғы 5 ақпанда тағайындалған еді.
Бауыржан Шұбайұлы 1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.
1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсын (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері) оқыған. 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген. 2006 жылы «Қайнар» университетінде «Педагогика және психология» мамандығын оқыды.
2008 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде (Әскери және әкімшілік басқару); 2019 жылы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде (Әскери істегі стратегиялық менеджмент) істеді.
II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған.
Взвод командирінен бастап Десанттық - шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды. 2023 жылдан бастап 2024 жылы ақпан айына дейін ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы болды.