Әскери прокурорлар әскери мүліктің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қорғаныс мақсатындағы жерлердің пайдаланылу заңдылығын талдау барысында Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы Ұлттық ұланның әскери бөліміне бекітілген, аумағы 86 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы коммерциялық құрылымның пайдасына заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады. Кейін бұл жер бірнеше рет жеке тұлғаларға қайта сатылған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде әскери бөлім жер учаскесіне қатысты сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.
Талап арыз қанағаттандырылып, жерді мемлекеттік меншікке қайтару рәсімі басталды.
Әскери прокуратура органдары әскери мақсаттағы объектілердің сақталуын және тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау шараларын одан әрі жалғастырады.
Әскери бөлімге тиесілі 86 гектар жер учаскесі бірнеше рет жеке тұлғаларға сатылған
24 желтоқсан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұқсас жаңалықтар
11 қазан, 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді – ВИДЕО
7 қазан, 2026
«Англияға жұмысқа орналастырамын»: Көкшетауда 92 адамды алдаған әйел сотталды
7 қазан, 2026
Жолда қызын көлік «люгінен» шығарып қойған әке жауапқа тартылды – ВИДЕО
6 қазан, 2026
Астанада кішкентай баланың ернінен сүйген қызға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр