Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр
25 тамыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Ведомство сымды интернет қызметтерінің бағасына талдау жасап, оператордың әрекетінен монополиялық жоғары баға қою белгілерін анықтаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылы 100, 200 және 500 Мбит/сек жылдамдықтағы интернет тарифтері шамамен 20%-ға қымбаттаған. Осыған байланысты компанияға қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу дерегі бойынша тергеу басталды.
Сонымен бірге ұялы байланыс нарығында да бағаны негізсіз көтеру белгілері тіркелген. Қазір агенттік ұялы байланыс операторына қатысты да тергеу жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
22 мамыр, 2026
Астанада екі пәтерден есірткінің ірі партиясы тәркіленді
21 мамыр, 2026
Алматы облысында жекеменшік мектеп ұстаздарына 76 млн теңгеге жуық жалақысы төленбеген
20 мамыр, 2026
Астанада полиция аялдама павильонын бүлдірген құқық бұзушыны анықтады
18 мамыр, 2026
«Ана мен бала қобдишалары берілмеген»: Қызылордада 11 нәрестенің құқығы қорғалды