13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бүгін – 21 наурыз – Ынтымақ күні

|
Photo: Фото: Василий Крась
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бүгін – 21 наурыз – Ынтымақ күні

|
Photo: Фото: Василий Крась

Бүгін Наурызнамаға сәйкес – Ынтымақ күні, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл дата өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың бүгінгі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуге арналады. Сондай-ақ бұл еліміз үшін елеулі тарихи оқиғалар мен жетістіктерін еске алатын уақыт.

Ынтымақ күні  ауызбірлік, ортақ құндылықтардың маңызын түсінуге жетелейді, көпшілікті бейбітшілікке, татулыққа, келісімге қолдау білдіруге шақырады.

Дәл осы күн – бай мәдени мұрамызды қадірлеп, бір-бірімізге деген құрметімізді айшықтайтын уақыт.

Жалпы бұл күні халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырады және татулық пен бірлік насихатталады.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипат алды. Атап айтсақ, Наурызнама онкүндігі енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗