Азия ойындарына қатысатын биатлоншылар белгілі болды
27 қаңтар, 2025
Фото: olympic.kz
Биатлоннан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан биатлоншылар одағының мәліметінше, құрам соңғы ішкі және халықаралық жарыстардағы нәтижелер, сондай-ақ спортшылардың қазіргі физикалық жағдайы негізінде жасақталған.
Нәтижесінде Харбинде Қазақстан атынан Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр, Дарья Климин, Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Полина Егорова және Елизавета Белецкая өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалады
21 желтоқсан, 2025
Елордада еліміздің үздік көркем гимнасшылары шеберлік көрсетті
21 желтоқсан, 2025
Астанада Мәскеу күндері аясында дзюдодан жолдастық кездесу өтті
20 желтоқсан, 2025
Елордада «Хан Шатыр» сауда орталығында көркем гимнастикадан ашық фестиваль өтті