Референдум-2026

Азиада-2026: волейболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Бүгін, 09:12
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Азиада-2026: волейболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Фото: olympic.kz

2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарындағы волейбол бәсекесінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының қарсыластары белгілі болды.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Топтық кезеңде олар Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.

Ал әйелдер құрамасы В тобына түсті. Қазақстандық волейболшылар Қытай және Филиппин құрамаларына қарсы ойнайды.

Әйелдер арасындағы жарыс 16-22 қыркүйек аралығында, ал ерлер арасындағы бәсеке 27 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтеді.