11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық таеквондошылар Сербияда 11 медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық таеквондошылар Сербияда 11 медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz

Таеквондодан Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер мен жасөспірімдер құрамалары сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кадеттер екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер жарысты төрт алтын және бір қола жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Кадеттер арасында Хамзальпер Ромашкин (61 келі) мен Диас Байдуллаев (33 келі) чемпион атанды. Екінші орынды Руслан Стацина (37 келі) еншіледі. Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Есенгелдин (65 келі) үшінші орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Теміржан Тасқын (51 келі), Нұрперзент Саматұлы (48 келі) және Қанат Рахымберді (68 келі) алтын жүлде иегері атанды. Бекет Болатұлы (73 келі) қола медаль жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗