05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда банктер жаңа әдіспен қызмет көрсетеді

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда банктер жаңа әдіспен қызмет көрсетеді

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда банк қызметін ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірленді. Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құжат тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңды іске асыру мақсатында әзірленген.

Қаулы жобасында мына жағдайлар қарастырылған:

- Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шаралар ұлттық стандартқа сәйкес;

- Банк сайтында қарыздар бойынша ай сайынғы төлемдерді есептейтін калькулятор орналастыру;

- Төлемдер мен аударымдар тарифтерінің өзгерісі туралы клиенттерге кемінде 3 ай бұрын хабарлау;

- Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдерін белгілеу.

Сондай-ақ нормативтік актінің атауына өзгерістер енгізу жоспарланған.

Бұл нормалар әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасы 21 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауында болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗