11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

|
Photo: фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

|
Photo: фото: freepik.com

Адам папилломасы вирусына қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз егілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген.

АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады.

АПВ - әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ-ны жұқтырады.

Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.

АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.

Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы 16 және 18 жасында адам паппиомасы вирусының онкогендік типтерін жұқтырған.

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынынык арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗