Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына бағытталған инвестиция көлемі артты
18 қараша, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Осы жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығы машиналарын жасау секторындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 есе артып, шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Инвестициялардың негізгі бөлігі Түркістан облысына (2,3 млрд теңге немесе жалпы республикалық деңгейдің 42%) және Қостанай облысына (1,9 млрд теңге, 35%) тиесілі болды.
Биыл Түркістан облысында «BNK Group Ltd» ЖШС-нің 1 450 млн теңге инвестиция көлемімен және 20 жаңа жұмыс орнын құра отырып жаңбырлату жабдықтарын өндіру (екінші кезең) жобасы іске асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 960 машинаны құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:36
Қазақстаннан Қытайдың Чунцин қаласына жаңа әуе рейсі ашылды
23 қыркүйек, 2026
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы соңғы 10 күндегі фейктерге шолу жасады
23 қыркүйек, 2026
Еліміздің 670-ке жуық өнеркәсіп кәсіпорны қайта және айналымды сумен жабдықтауға көшпек
22 қыркүйек, 2026
Президент Архиві мен Шейх Зайд мешіті орталығы ынтымақтастық бағыттарын талқылады