Атырауда полицияға күш қолданғандар жауапқа тартылды

Бүгін, 16:26
Думан Аманжол Думан Аманжол
Атырауда полицияға күш қолданғандар жауапқа тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Атырау облысында мас күйдегі бір топ адам тәртіп бұзып, полицияға күш қолданған, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 3 сәуір күні кешкі сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген. Сол кезде мас күйдегі бір топ адам тәртіп бұзып, полицияға агрессивті түрде қарсылық көрсетіп, күш қолданған.

«Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлға анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінеді хабарламада.

Полиция сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлеріне қысым көрсету, олардың заңды талаптарына бағынбау және күш қолдану әрекеттері заң аясында қатаң жазаланатынын ескертті. Заң талаптары барлық азаматтар үшін бірдей.

Еске салсақ, Атырау облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасағандарға шартты жаза берелді. Алайда прокуратура кассациялық наразылық енгізіп, сот шешімі қайта қаралды, айыпталушылар бас бостандығынан айырылды.