Асхат Рақымжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Бүгін, 09:59
Думан Аманжол Думан Аманжол
Асхат Рақымжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»
Фото: parlam.kz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов Құрылтай депутаттарын сайлаудың алғашқы нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, бұл – Қазақстан тарихындағы маңызды күн. Алғаш рет өткен Құрылтай сайлауы саяси партиялардың өздеріне қойылған міндеттерді қаншалықты орындағанын көрсетті.

Алдын ала экзитпол нәтижесі бойынша ОСДП 5 пайыздан астам дауыс жинап, лайықты нәтиже көрсеткен.

«Бізді қолдаған және партиямыздың көзқарастары мен құндылықтарын бөлісетін сайлаушыларға алғыс айтамын. Қазақстанның саяси алаңындағы сенімді күш ретінде жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Асхат Рақымжанов.

Партия төрағасы ЖСДП-ға сенім білдірген қазақстандықтарға, сондай-ақ сайлау науқаны бойы партия мүшелерімен бірге еңбек еткен белсенділер мен еріктілерге ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар ол 5 пайыздық межеден өткен партияларға құрмет білдіріп, бұл Қазақстанда белсенді әрі жауапты саяси күштердің кең ауқымы қалыптасқанын көрсететінін атап өтті.

«Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл – үлкен жауапкершілік», – деді партия төрағасы.