05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астананың Нұра ауданында аулаларды безендіру бойынша байқау басталды

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астананың Нұра ауданында аулаларды безендіру бойынша байқау басталды

|
Photo: фото: Астана қаласы әкімдігі

Жаңа жыл қарсаңында елорданың Нұра ауданында аулалар арасында байқау басталды. Ең креативті және жайлы үш аула тұрғындары бағалы сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқау 17-27 желтоқсан аралығында өтеді. Жеңімпаздарды әкімдік пен Урбанистика орталығының мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтайды.

Бағалау кезінде мыналар ескеріледі:

- идеяның өзіндік ерекшелігі;

- безендірудің эстетикасы мен ұқыптылығы;

- жарықтандырумен безендеу;

- мерекелік жаңа жылдық атмосфераны құру.

«Конкурсқа қатысу үшін кез келген Instagram парақшасында безендірілген ауланың фотосын немесе видеосын жариялау керек.  Парақшаның ашық болуы маңызды. @rishat_turdybekov және @nura.audany парақшаларына жазылыңыз. Жазбада міндетті түрде #ЖаңаЖылНұраАуданы хештегі болуы қажет», - делінген аудандық әкімдіктің хабарламасында.

Жеңімпаздар 28 желтоқсанда аудан әкімдігінің ресми парақшасында жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗