Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды

Бүгін, 15:12
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
Фото: accasia.org

Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен тректегі велоспорттан Азия чемпионатында елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында омниум бағдарламасында Мұрат Күйтенов күміс жүлдегер атанды. Сол сияқты ересектер санатында мэдисон дисциплинасында Рамис Дінмұхаметов күміс медаль иеленді.

Айта кету керек, бұл Мұрат Күйтенов үшін наурыз айындағы екінші Азия чемпионаты. Ай басында ол Сауд Арабиясының Әл-Қасим қаласында өткен тасжол велоспортынан құрлықтық біріншілікте чемпион атанған болатын.

Құрлықтық біріншілікке 19 елден 300-ден астам спортшы қатысып, жарыс өз мәресіне жетті.

Еске сала кетейік, таеквондошы Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде топ жарды.