10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық мәслихат елорда бюджетінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасын қарады

|
Photo: Зейнұлқабден Табиғат/Instagram
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық мәслихат елорда бюджетінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасын қарады

|
Photo: Зейнұлқабден Табиғат/Instagram

Астаналық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қамтитын елорда бюджеттің 2026-2028 жылдардағы жобасы қаралды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Зейнұлқабден Табиғат Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Негізгі баяндама жасап, сөз сөйлеген Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Төгільбаева 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елорданың тұрақты өсім көрсетіп, негізгі бағыттардың барлығында дерлік оң динамика байқалатынын атап өтті.

Мемлекеттік органдар, бизнес және қоғам өкілдері арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың арқасында Астана жоғары даму қарқынын сақтап келеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, қалалық орта сапасы артып, әлеуметтік инфрақұрылым кеңеюде.

Депутаттар бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті», - деп жазды ол. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗