Референдум-2026

Астанадағы Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Астанадағы Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты 18-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

Қала әкімдігі, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгеріс болуы мүмкіндігін ескеруді сұрайды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады.

Астана әкімдігі

Еске сала кетсек, бүгін елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.