Астанадағы №90 референдум учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр

Бүгін, 10:49
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанадағы №90 референдум учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр
Фото: Айжан Құсайынова

Бүгін Астанадағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №90 референдум учаскесінде дауыс беру шарасы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ала таңнан бастап тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауда.

Учаскеге келген азаматтарды ұйымдастырушылар жылы қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында естелік сыйлықтар табыстауда.

Ерте келіп дауыс бергендердің бірі – 76 жастағы қала тұрғыны Әли ақсақал. Ол бүгінгі референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Мен 76 жастамын. Бүгінгі референдум өте маңызды. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Мұнда сыйлық беріп жатыр екен, шынымды айтсам, күтпедім. Бүгінгі Қайырымдылық күні құтты болсын. Бұл референдумды бүкіл халық қолдайды деп ойлаймын», - деді қария.

Учаскеде дауыс беру процесі талаптарға сай ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар өз жұмыстарын атқаруда. Тұрғындар белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.