03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Жаңақоныс көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Жаңақоныс көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Кенжин көшесінен Д.Бабатайұлы көшесіне дейінгі учаскеде Жаңақоныс көшесінде орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 15 пен 25 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗