Астанада велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді

6 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс 8-11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.

«Сарыарқа» велотрегі елдің ең мықты шабандоздарын қабылдайды. Олар ұлттық чемпион атағы мен жаңа маусымдағы алғашқы рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бәсекелер ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Сондай-ақ жарысқа жасөспірімдер де қатысады.

Бұған дейін 2026 жылы отандық спортшылар қандай ірі спорттық додаларда бақ сынайтынын жаздық.