03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада вандализм бойынша 3 мың адам жауапқа тартылды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі
Астанада вандализм бойынша 3 мың адам жауапқа тартылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада вандализм бойынша 3 мың адам жауапқа тартылды

|

Астанада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және онымен күресу бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Кезекті құқықбұзушыларды полицейлер анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы нысандардың бүлінуіне қатысты екі жағдайды анықтады.

Бірінші жағдайда 40 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде Шоқан Уәлиханов көшесіндегі аялдама павильонын бүлдірген. Ол шыны есікке бірнеше рет ұрып сындырған. Сот қаулысына сәйкес, құқықбұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.

Екінші жағдайда Бөгенбай батыр даңғылында 19 жастағы жігіт мас күйде әрі жанжал кезінде жеке ғимараттың сыртқы қаптамасын теуіп, жарнамалық құрылымды және жылы аялдама жанындағы қабырғаның бір бөлігін бүлдірген. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағышқа жеткізілді.

Аталған фактілер бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр. Кейін шығынды өндіру туралы талап қойылады.

Жыл басынан бері осындай құқықбұзушылықтар үшін шамамен 3 мың адам жауапқа тартылған. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ден астам жағдай тіркелген.

Елорда полициясы қоғамдық орындарда құқықбұзушылыққа жол бермеу керектігін ескертеді және тұрғындарды заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗