27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Үздік ұстаз» жобасы басталады

|
Photo: Сұлтан Сейіт
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Үздік ұстаз» жобасы басталады

|
Photo: Сұлтан Сейіт

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы «Үздік ұстаз» жобасын жүзеге асыруды бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жобаның басты мақсаты – педагог мәртебесін кеңінен насихаттау, педагогикалық мамандыққа деген қоғамдық құрметті арттыру және тәжірибе алмасуға, инновацияларды енгізуге, ұстаздардың кәсіби мотивациясын нығайтуға арналған ғылыми-әдістемелік алаң құру.

Қазіргі педагогика және әлеуметтану саласындағы зерттеулер көрсеткендей, педагогтердің әлеуметтік мәртебесі білім сапасына, ынтасына және қоғамның білім беру жүйесіне деген сеніміне тікелей әсер етеді. Мұғалім еңбегін мойындау және олардың медиакеңістікте белсенді көрінуі инновациялық тәжірибелердің таралуына, кәсіби қауымдастықтың нығаюына және білімнің қоғамдағы рөлі туралы тұрақты қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді.

Педагог – қоғамның стратегиялық ресурсы, ол ғылымның, мәдениеттің және экономиканың болашағын айқындайтын ұрпақты тәрбиелейді.

«Үздік ұстаз» жобасы елордалық педагогтардың үздік тәжірибелері мен жетістіктерін біріктіріп, ғылыми-әдістемелік платформа ретінде қызмет атқарады.

Жоба аясында мақалалар мен сұхбаттар жарияланады, ұстаздардың жаңа әдістемелік тәсілдері мен құралдарымен бөлісетін подкасттар дайындалады, сондай-ақ теледидар мен онлайн ресурстарда медиалық қолдау көрсетіледі.

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы телеарналар мен медиасеріктестерді ынтымақтастыққа шақырады. Ынтымақтастық форматы ретінде бірлескен репортаждар мен телебағдарламалар, ұстаздардың қатысуымен сұхбаттар мен ток-шоулар, телеарналардың сайттары мен әлеуметтік желілерінде материалдарды жариялау, тікелей эфирлер мен онлайн пікірталастарды ұйымдастыру, сондай-ақ жобамен байланысты іс-шараларға ақпараттық қолдау қарастырылған.

«Үздік ұстаз» – педагогтардың еңбегін мойындауға, олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға және ұстазды қоғам дамуының стратегиялық тұлғасы ретінде қалыптастыруға бағытталған алаң.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗