26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ұландық сарбаздарға білім гранттары берілді

|
Photo: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ұландық сарбаздарға білім гранттары берілді

|
Photo: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астанада Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне «Сарбаз 2.0» республикалық бағдарламасының қорытындысы бойынша білім гранттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл ұландықтарға жалпы саны 1300-ге жуық білім гранты берілді, соның ішінде 15 сертификат осы салтанатты рәсімде табысталды.

«Биыл шақырылымдағы республика бойынша 400 ұландық, оның ішінде елордалық бригаданың 48 өкілі еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды. Бұл – жай ғана марапат емес. Бұл – сіздердің қызметтегі үлгілі тәртібіңізге, білімге деген ұмтылысыңызға және жоғары нәтижелеріңізге берілген баға. Мемлекет жастарға, әскер мектебінен абыроймен өткен азаматтарға сенім артады. Сенім үдесінен шығып, сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосып, кейінгі буынға үлгі болатыныңызға сенемін», - деді А.Балтабеков.

Сонымен қатар  «Синергия» университетінің өкілдері офицер-магистранттарға қосымша 5 грант бөлді.

Сертификаттарды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков табыстады.

 «Қызмет пен оқу барысындағы жетістіктерім маған осы мүмкіндікті берді. Енді білімімді жалғастырып, Ел игілігі үшін қызмет еткім келеді», - деді 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Сұңғат Шәмші.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗