25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада түркі халықтарының музыкалық аспаптары қойылған экспозиция ашылды

|
Photo: Сұлтан Сейіт
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада түркі халықтарының музыкалық аспаптары қойылған экспозиция ашылды

|
Photo: Сұлтан Сейіт

Бүгін Астанадағы «Өнер» музейінде «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі аясында «Түркі әлемінің музыкалық аспаптары» атты экспозицияның ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Экспозиция түркі халықтарының ғасырлар бойғы музыкалық дәстүрін, мәдени сабақтастықты және түрлі орындаушылық мектептердің ерекшеліктерін көрсететін бірегей артефактілерді қамтиды.

Практикалық сабақтар барысында түркі елдерінің жетекші шеберлері музыкалық аспаптарды жасаудың дәстүрлі технологияларын таныстырды.

Бұдан бөлек, әлемге танымал шеберлер жасаған бірегей музыкалық аспаптар музей қорының меншігі ретінде ресми түрде табысталды.

Олардың қатарында қырғыздың кылкыягы, түріктің кеманчасы, өзбектің дутары және венгрдің фурульясы бар.

Аталған аспаптардың әрқайсысы – өз халқының бірегей үнін, ұлттық қолөнер ерекшелігін және сан ғасырлық тәжірибесін паш ететін құнды мәдени жәдігер.

Фестивальдің қорытындысы ретінде бүгін «Жастар» сарайында гала-концерт өтеді. Онда дәстүрлі әндер мен этно-жанрдағы заманауи шығармалар орындалады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗