Астанада С.Мұқанов көшесі он күнге жартылай жабылады

Бүгін, 09:47
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада С.Мұқанов көшесі он күнге жартылай жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада С.Мұқанов көшесінің Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 12-22 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордада екі автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.