Астанада скандинавиялық жүрістен зейнеткерлер арасында спорттық іс-шара өтті

Бүгін, 14:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада скандинавиялық жүрістен зейнеткерлер арасында  спорттық іс-шара өтті
Фото: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

13 мамырда  Аналар күніне орай Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында скандинавиялық жүрістен әуесқойлары арасында  спорттық шара өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жарысқа скандинавиялық жүріс үйірмесінің қатысушылары мен Нұра ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Спорттық шараға 67 мен 81 жас аралығындағы 110 зейнеткер  белсенді атсалысты.

Аналар мерекесіне арналған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау және аға буын өкілдерінің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп,  барлық спортшы зейнеткерлер естелік медальдармен марапатталды.

«Бүгінгі іс-шараны ұйымдастыруға Спорттық - бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру  дирекциясы мен ардагерлер кеңесі қолдау көрсетті. Жарыс қызықты  өтті, қатысушыларға сергектік, көтеріңкі көңіл күй және ұмытылмас әсер сыйлады», - деп пікір  білдірді Орталықтың жетекші маманы Бақыт Қайырбекқызы.