Астанада сайлау учаскесінде балаларға арналған шығармашылық аймақ ұйымдастырылды

Астанада сайлау учаскесінде балаларға арналған шығармашылық аймақ ұйымдастырылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін, 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Астанада дауыс беруге келген ата-аналар үшін сайлау учаскелерінің бірінде балаларға арналған шағын шығармашылық аймақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Арнайы аймақта балалар сурет салып, шығармашылықпен айналыса алады. Бұл ата-аналарға дауыс беру рәсіміне қатысуға мүмкіндік берсе, бүлдіршіндер үшін сайлау күнін қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасайды.

Мұндай бастама ата-аналарға қолайлы жағдай қалыптастыруға және отбасымен бірге сайлау учаскесіне келген азаматтардың уақытын жайлы өткізуіне бағытталған.

Балалар шығармашылықпен айналысып жатқанда, ата-аналар азаматтық міндетін атқарып, өз таңдауын жасай алады.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы бүгін өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Елордада сайлау күні азаматтарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Елордада 23 тамыз күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін.

Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайын sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.